«Көк туға жүрегі байланған...» атты екінші спорттық, өзін-өзі тану апталығы бойынша «Спорттың денсаулыққа пайдасы» туралы баяндамасы тыңдалып, алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәндері оқытушыларының ұйымдастыруымен «Үздік мерген» сайысы, «Мен салауатты өмір салтын таңдаймын!» көңілді старт ойыны, өзін өзі тану пәні оқытушысының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ» тарихи-сазды кеш өткізілді.
Айлықтың үшінші аптасы «Мен тәуелсіз елдің ұланымын!» атты тәрбиелік шаралармен жалғасты. Бұл аптада барлық топта тақырыпқа сай тәрбиелік шаралар болып өтті. Иә, ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істермен айшықталып, өз мәнінде тойланып жатыр. Колледж студенттері тәрбиелік шараларда тәуелсіздік жолындағы халқымыздың тартқан тауқыметі мен көрген қиыншылықтарын, тәуелсіз мемлекетіміздегі жарқын көріністерді бейнелеп, жеткізе білді.
Ауқымды шара «Білікті маман – ұлт болашағы» тақырыбындағы мамандықтар апталығымен жалғасты. Колледжде әр мамандық бойынша дәріс алып жатқан студенттер өз мамандықтары бойынша шеберлік сағаттарын өткізді.
Колледжішілік әдістемелік айлық «Мәңгілік ел ұрпағымыз» атты топтар арасындағы сайыспен қорытындыланды. Бұл кешті аулымыздың екі мектебінің 9-сынып оқушылары келіп, тамашалады. Сайыс нәтижесі бойынша «Электриктер» тобы І орын, «Самға қыран» тобы (Аспаз және дәнекерлеу мамандықтары) ІІ орын, «Фермер» тобы ІІІ орын иеленді.
Жалпы әдістемелік айлыққа барлық топтың студенттері белсене, үлкен қызығушылықпен атсалысты. Айлықтың қорытындысы бойынша белсене араласқан топтар, студенттер мен топ жетекші, өндірістік оқыту шеберлері марапатталды.
Кеңес Әсел. ІІ курс №61 топ студенті.