Қызылқоға аграрлы- техникалық колледжі ұжымы 2 сәуір күні “Таза қала" акциясына қатынасты.
Колледж территориясында, көше бойында артық қоқыстардан және топырақтан арылтып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Бұл акция жүйелі түрде бірнеше уақыттан бері жүргізіліп келеді. Тек колледж қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар студент жастарды да қоғамды, қоршаған ортаны таза ұстау, оған жауапкершілік пен қамқорлықпен қарауға баулуда аталған акцияның берері мол деп білеміз.
Табиғат Ананы аялау, экологияны сақтау, қоршаған ортаны таза күйінде келесі ұрпаққа жеткізу- бәріміздің азаматтық борышымыз! Сенбілікке қашанда белсенділікпен атсалысайық! Біз таза қала үшін!