2022 жылдың 1 наурызы күні колледжде студенттерге алғыс айту күнінің маңыздылығын насихаттау,алғыс айту арқылы бір-бірін сыйлау,құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында алғыс айту күніне арналған "Жүректен шыққан жылы сөз"атты Студенттік парламенттің,колледж психологінің,әлеуметтік педагогтің және жастар ісі инспекторының ұйымдастыруымен шара өтті.
Шараны колледж директоры Шалқар Нығметоллаұлы ашып ұжымның қызметкерлері мен студенттерге ризашылығын білдірді. Студенттер де өз кезегінде ұстаздарына,ата-ана,
достарына тілектерін арнап,алғыстарын айтты.