2022 жылдың 28 ақпанында Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы ауылымыздың жасөспірімдерінің бірлігін,өзара татулығын нығайту мақсатында ауылымыздың 3 мектебі мен колледж студенттері арасында "Ұлттық құндылық - қазынамыз" атты дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелге қонақ ретінде Сағыз ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы С.Тұрыш,аналар кеңесінің төрайымы Г.Жанбосынова,Абдолла Хазірет мешітінің бас имамы,ұстаз А.Есқабылұлы,Кенбай орта мектебінің тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Карабалина және ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Б.Қияқбай шақырылды.
Шарада ұлттық құндылығымызға қатысты әртүрлі мәселелер қозғалып.қазіргі жастарымыздың тәрбиесіне байланысты жақсы ой пікірлер айтылды.
Шара соңында оқушылар мен студенттердің қатынасуымен тренинг ұйымдастырылды.