2018 жылдың 19-24 ақпан аралығында Арнайы пәндер және өндірістік оқыту бірлестігі мүшелерінің ұйымдастыруымен «Кәсіптік білім – мәңгілік ел тірегі» атты апталық ұйымдастырылды.

Апталық «Пісіру ісі», «Аспаз», «Фермер шаруашылығы», «Электр станцияларының электр жабдықтары» мамандықтары бойынша жүргізілді. Апталықтың алғашқы күні ашылуы болып, жоспармен таныстырылды. Екінші күні «Пісіру ісі» мамандығының студенттері «Ой мен ойын» тақырыбында танымдық сұрақтар дайындап, білім алушылардың ұшқыр ойы сараланды. Үшінші күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттерімен ұйымдастырылған «Тәттіден қол үзбейік!» атты жәрмеңкесі де қызықты, сәтті өтті. Жәрмеңкеге болашақ аспаздар өз қолдарынан дайындаған тәттілері мен пісірмелерін әкеліп өткізді.

 

«Жасыл энергия – болашақтың бастауы» деп аталатын электрик мамандарының шығармашылық жұмыстары да нәтижелі болды. І курс №66 топ студенттері Кеңес Нұролла мен Дүйсенбай Заманбектің қолдарынан дайындалған күн сәулесінен қуат алатын желдеткішімен көрме ұйымдастырылды.

 

Апталықтың соңында «Фермер шаруашылығы» мамандықтарының арасында «Өз кәсібінің шебері» атты сайыспен қорытындыланды.

 

Сайыс төмендегідей 5 бөлімнен тұрды:

  1. «Сәлем - сөздің анасы» бөлімінде топтар өздерін таныстырды.
  2. «Білім жол» бөлімінде арнайы пәндер бойынша теориялық білімдері тест тапсырмалары арқылы тексерілді.
  3. «Пошта» ойыны бөлімінде конвертте жасырылған сурет бойынша тапсырмаларды орындады.
  4. «Шебер қол» бөлімінде шығармашылық жұмыстарын қорғады.
  5. «Кім шапшаң?» - көңілді старт әдісімен көрмедегі машинаның құрал-жабдықтарының атын табу тапсырылды.

 

Осы 5 бөлім бойынша қатынасқан үш топ – «Мықтылар» (ІІІ орын), «Ептілер» (ІІ орын) және «Іскерлер» (І орын) топтары сайысқа түсті. Қорытындысында апталыққа атсалысқан білім алушылар мен жеңімпаздар колледж әкімшілігі атынан Дипломдармен және Алғыс хаттармен марапатталды.